жай өлең
Тұнжырау кабинет іші,
Жағдайы мүшкіл бір мұңым.
Басады сезімнің мысы,
Көзге ілмей өмірдің құнын.
Айнала қаптаған адам,
Тас жүрек. Сезімсіз. Қатты.
Іздеген мұңымда қалам.
Ол да кеп адаспай тапты.
Жан-жағым қаптаған уайым
Мен ғана жападан жалғыз…
Мен ғана бір сертке дайын,
Ал мұңым менсінбес паң қыз.
Әрі қарай
Жағдайы мүшкіл бір мұңым.
Басады сезімнің мысы,
Көзге ілмей өмірдің құнын.
Айнала қаптаған адам,
Тас жүрек. Сезімсіз. Қатты.
Іздеген мұңымда қалам.
Ол да кеп адаспай тапты.
Жан-жағым қаптаған уайым
Мен ғана жападан жалғыз…
Мен ғана бір сертке дайын,
Ал мұңым менсінбес паң қыз.